«Ұлы дала мұрасы» жобасының қорытындысы туралы

Қостанай қаласы білім бөлімінің тапсырысы бойынша «Саналы ұрпақ-2050» қоғамдық ұйымының 2021 жылы тамыз, қазан айларында ұйымдастырған «Ұлы дала мұрасы» әлеуметтік жобасына №10 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Кудербекова Нұрай бейнебаян жасап қатысты. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылар үшін туристердің тартымдылығы тұрғысынан біздің өңірді насихаттайтын бейнероликтер байқауы өткізілді. Нұрайдың бейнебаяны үздік жұмыстар қатарына еніп, 2-ші турға өтті. Екінші кезеңде балалар облыстың киелі нысандарының біріне экскурсиялық маршрут құрды. Экскурсия маршрутын презентация түрінде дайындаған Нұрай жүлделі 1-ші орынды иеленді. 2021 жылдың 18 қазанында ең үздік бейнероликтер мен экскурсиялық бағыттардың авторлары, жүлдегерлерге арналған Ы.Алтынсариннің туған жеріндегі Омар құдығына және Ы.Алтынсарин мемориалдық кешеніне саяхатқа шықты. Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының гид-экскурсоводы Дусмагамбетова Шынар Сұлтанқызы көптеген мәліметтермен, жәдігерлердің тарихымен таныстырды. Саяхат соңында ұйымдастыру комитеті жүлдегерлердің марапаттарын салтанатты түрде табыстады.