«Алау» әскери патриоттық ойыны

21 қыркүйек күні дәстүрге айналған «Алау» әскери-патриоттық ойыны өткізілді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Биылғы жылы іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған  Мектеп интернатының 10 шы сынып оқушылар мен №10 орта мектебінің 11 сынып оқушылары  қатысты.

Ойынның бірінші кезеңінде қатысушылар №10 орта мектебінен Ы.Алтынсарин мавзолейіне дейін кросс ұйымдастырды.

Екінші кезеңде оқушылар екі командаға бөлініп, төмендегі ойын шарттарын орындады:

Ойын эстафета – оқушылар берілген қашықтықта төртке бөлініп бірнеше тапсырмаларды орындап, сөреге бірінші жету.

Паутина – шырмауланған жіптер астынан еңбектеп өту.

Кольцо – шеңберлерден секіру.

Танк – қазылған  окоптарға жатып гранаталармен танктерді жару.

Миналы алаң – жерге жасырылған миналарды үшкір шегелі таяқтың көмегімен іздеп табу  деген сияқты этаптарды қамтыды.

Ойын қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған  Мектеп интернатының командаы жеңіске жетті.