Мектеп кітапханасы

previous arrow
next arrow
previous arrownext arrow
Slider

Кітапхана меңгерушісі: Садвакасова Лязат Турсыновна

Білімі: Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институт, Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының Қостанай қаласында орналасқан филиалы

Мектеп кітапханасында 44329  кітап қоры бар, соның ішінде 20 мыңдай дана көркем әдебиет. Жаңа буын мектеп оқулықтары, әдістемелік нұсқаулар, электрондық оқулықтар да бар. Кітап қоры сұранысқа сай жаңа кітаптармен толыктырылып тұрады. Мерзімдік басылымдар: республикалық, облыстық газеттер мен журналдарды жаздырып алады.

Кітапхананың негізгі міндеті – білімділік, ақпараттық, мәдениеттік. Кітапхана  пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектеп іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада,  ғылыми конференция,  ашық сабақ, семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс,  жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында  керекті әдебиет, газет және журнал мақалалар табуға жетекшілік етеді. Қазақстан, Астана және басқа аймақтар тарихы, өлкетану, мәдениет, ғылым, өнер  тақырыптарына арналған жинақталған және жүйелген ақпараттық материал,анықтамалық басылымдар өте мол және бай. Жыл сайын педагогикалық отырыста пән мұғалімдермен біріге отырып оқушыларды  оқулықтармен қамтамасыз  ету, кітап  қорын сақтау туралы мәселе қарастырылады. Сонымен қатар мектепте 16 орындық оқу залы бар. Оқу залы қазіргі заманға сай безендірілген. Мектеп кітапханасы оқырманның сұраныстарын толық қанағаттандыра алады. Кітап қорында жоқ материалдады, косымша іздену мақсатында интернет желісіне косылған. Кітапхана сөресіндегі  барлық кітаптар ББК бойынша орналасқан. Электоронды ақпараттану каркынды дамыған кезенде, кітап қоры электронды оқулықтармен  толықтырылып отырады. Электронды оқулықтарды әр мұғалім  сабаққа пайдалана алады, ал оқушыға пайдалануға информатика кабинетінде жағдай жасалған.

«Жанұямен оқыту клубы»: Қостанай қаласы  №10 орта мектеп кітапхананың тәжірибе жұмысы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “Жастар – біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет  жаңа буынның алдында барлық  есіктер мен жолдарды ашты”деген еді. Бұл білімді ұрпақ  тәрбиелей отырып, дәстүрімізді  сақтап, халықтың тұрмыс-салтын, мәдениетін көтеріп, әдет-ғұрпымызды, рухани тіршілігімізді дамытамыз дегені.

Еліміздің экономикалық тұғыры бекіген сайын сана жаңғырып, білімді жастардың қатары арта бастады. Қаламыздағы №10 орта қазақ мектебінің тұсауын Қостанайға келген сәтінде Елбасының  өзі   кескен  болатын. Президенттің оқушыларға деген  ыстық ілтипаты-ақ жол болды.

Бүгінде мектеп көркейіп келеді. Садвакасова Лязат Тұрсынқызы осы білім ошағындағы  кітапханашы ретінде әр баланың рухани байып, толыса  түскенін қадағалап отырады  десе де болады. №10 орта мектеп кітапханасында 40 мыңға жуык кітап қоры бар, соның ішінде 20 мыңдай дана көркем өдебиет пен басқа салаға сай. Жаңа буын мектеп оқулықтары, әдістемелік нұсқаулар, электрондық оқулықтар да бар. Кітап қоры сұранысқа сай жаңа кітаптармен толыктырылып тұрады. Мерзімдік басылымдар қорды толыктырудың негізгі қайнар көзі болып табылатындықтан республикалық, облыстық газеттер мен журналдарды жаздырып алады.

Бала тәрбиесі  жолында өзгелермен қатар кітапханашылар қауымының қосқан үлесі мейілінше зор деп ойлайды. Кітапхана қызметінің бағыты – балаларга арналған кітап-журнал, газет коллекцияларын сақтау және дамыту, балалардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне көмек көрсету.  Әр кітапханада оқырмандарға арналған оқу залы бар. Мектеп оқушылары мен мүғалімдеріне қажетті әдебиеттерді алуына толық жағдай  жасалған. “Кітап – білім кілті” демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар жүмысы зор. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылықпен айналысуларына көп ықпалын тигізеді.

Соңғы жылдарда кітапхана балаларға арналған ертегілер, әңгімелер, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, “Қазақ мөдениеті”, “Сұрақ-жауап”, “Ежелгі Қазақстан” сияқты жаңа кітаптар мен толыға түсуде. Жаңа түскен кітаптарды насихаттап, кітап көрмесі, ұсыныс тізімі, блиографиялық шолу ұйымдастырылады. Оқушыларды, оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдермен көптеген іс-шаралар өткізіледі. 

Жыл сайын 1қазан -1 қараша аралығында  сынып оқушылар арасында «Кітапханаға саяхат» кітапханалық  таныстыру сабағы өтіп , оқушылар кітапханаға тіркеліп  кітапхана ережелерімен таныстырып білген  cынып оқушылармен    қайталап абономент ережесімен  таныстырылады. 

 Жыл сайын 1қыркүйек «Білім күніне» арналған мұғалімдерге көмек берілді. Көбіне оқушылар көркем әдебиет,ауыз әдебиетін , ал мұғалімдер газет журнал, әдістемеліктер  және көркем әдебиеттін қолданады. Білім беру үрдісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың бастапқы сатысы  ретіндегі маңызды роль кітапханалық – библиографиялық білімді насихаттау.Оның мақсаты – балаларды оқу гигиенасына дағдыландыру, оқып шыққанын түсіну, кітапхана қорын пайдалана алуға тәрбиелеу үшін арнайы “кітапханалық сабақтар” өткізіледі.   Сыныптарға “кітапханамен танысу”, “мұқабаның аралығындағы  кішкентай құпиялар” атты кітапханалық сабақ өткізіледі.  Ондағы мақсат баланың оқу мәдениетін тәрбиелеу, кітапхана және қоры жөнінде бастапқы білім беру, кітапқа деген құрметін тәрбиелеу, кітапхана ережелерімен таныстыру.  1-5сыныптарға “Кітап – сарқылмас рухани -әлем”, “Сенің алғашқы энциклопедия”  “кітапханалық сабақтар” өткізіледі.     

Бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етеміз.

Еліміздегі елеулі күндерді естен шығармау – кітапханашы жұмысының бір тармағы деп танып, түрлі шаралар, кездесулер кітапханамен байланыста өткізіледі.

Жоспарға сәйкес : 2016-жылы 25 қазан Казақстан Республика күніне байланысты 1-4сынып арасында кітапханалық іс-шара ұйыдастырылып өткізілді,  2-5сынып арасында «Туған елім Қазақстан» тақпақ сайысы мерекеге  музыка пәні мұғалімідері үлесін қосып Отан,елі өлеңдері орындалды . Бүл шаралардың мақсатты оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын қенейту  тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілеттін дамыту, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге , жан-жақты білімділікке, кітапқұмарлыққа баулу.

Жылдық жоспарға сәйкес ЖЖЕ арнап «Көшеде сақ бол» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырылды  және «Жолда жүру ережесі» дидактикалық оқытушы ойыны 1-5сыныптар арасында күнделікті жоғары қолданыста . Ойын оқушылардың жолда жүру ережесі бойынша оқушыларды білімін толықтырып сол тұрғында дүниетанымын кеңейтуде үлкен үлесін қосады.

Кітапханада салауатты өмір салты, туберкулездың алдын алу шаралары, АҚТҚ және ЖҚТБ алдын алу, нашақорлыққа ,ішімдікке, темекіге, жол бермеу тақырыптарынын қамтитын «Дені саудың-жаны сау»атты көрме ұйыдастырылып тұр. 

Қазақстан Республикасының тарихи ,призеденті,зандары және тағы басқа жайында мәлімет беретін «Қазақстан жерімді мақтан етем, тарих жолын мәңгәлікке сақтап өтем » атты бұрыштар бар.

Биыл 1-4 сынып арасында 2016-2017 оқу жылында  желтоқсан –Презедент күніне орай және Казақстан Республикасының «Тәуелсіздік-ел тұғыры» мерей тойына орай көрме ұйыдастырылды  «Тәуелсіздік тұғыры» «Менің Отаным Қазақстан» атты кітапханалық сабақтар өтті.

Барлық  іс-шаралар «100 кітап» жобасымен өткізіледі.

Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын «100 кітап» жобасының аудиохрестоматиясы конкурс ұсынылды.  Кітапханаға  тапсырды,  барлық оқушылар белсенді қатысты, сол үшін оқушылар мадақтамамен  марапатталды.

Сонымен қатар осы 100 кітап жоба бойынша №10 орта мектеп кітапханада  оқушылармен  жұмыс жұргізіліп жатыр. Жауапты сынып жетекшісі, 3 тілдің  пән мұғалімдер және кітапханашы. Кітапханада осы проект бойынша арнайы бұрышы бар.

Жылдар бойы  әр сенбі сайын Садвакасова Лязат Тұрсынқызы Қостанай қаласы  №10  орта мектеп   кітапхана меңгерушісі «Жанұямен оқыту клубы»  өткізеді.

 «Жанұямен оқыту клубының»  міндеттері мен мақсаттары:

-Ата-аналарды бірлескен отбасылық оқу мәдениетін  қалыптастыру үшін  балалардың  оқу үдерісіне тарту.

-Ата-аналармен кітапханашымен және  оқушылармен  оқырмандармен  белсенді  және шығармашыл  жұмыс  істеуге  ынталандыру.

– Ата-аналар  әдеби –шығармашылық қабілеттерін  өздігінен  әдеби  шығармашылық  үдерісіне  тарту  жолы  арқылы  дамыту.

Маңызды ролі атқарады ата-аналар.Ата-аналар немесе кітапханашы өзі көркем әдебиет таңдап береді. Ата-ана оқушыларға кітапханада оқиды, содан кейін оқыған кітап бойынша әр түрлі жұмыстар жұргізіледі. Мысалы: 1 «А» сыныбында өткізлген «Байлық пен ақыл» тақырыбы. Ата-ана осы ертегіні оқып, оқушылармен талдады, содан кейін  оқушылар  ертегінің ішінде болған кеіпкерлер  болып көрініс қойды, әр түрлі сұрақтарға жауап беріп жұмыстар жүргізілді. Осы «Жанұямен оқыту клубынында»  оқушыларды және ата-аналарды – бірлесіп  отбасылық оқу мәдениетін  қалыптастыру үшін  балалардың  оқу үдерісіне тартады. Садвакасова Лязат Тұрсынқызы ата-аналармен және  оқушылармен    белсенді  және шығармашыл  жұмыс  істеуге  ынталандырады.